Новости (Автор: Nurlan)
Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 410 раз(а) и оставили 0 комментариев.
Новости (Автор: Nurlan)

Өскемен. 13 маусым. BAQ.KZ - Өскеменде «Отүкен» («Otüken») атты әдеби журнал жарық көрді. 13-маусым күні сағат 11.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада жаңа басылымның тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

 

Оған ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет саласының қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер, жалпы әдебиет оқырмандары қатысады.

«Отүкен» - үш айда бір рет жарық көріп тұратын, Қазақстанның 14 облысының орталықтарына, Астана мен Алматы қалаларының оқырмандарына, кітапханаларына 2000 данамен тарайтын әдеби-көркем журнал.

«Отүкен» («Otüken») журналының құрылтайшылары – Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.

Бас редакторы – ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлы.

Алғашқы нөмірде қазақтың көрнекті ақындары Ұлықбек Есдәулеттің, Серік Ғабдуллаұлының жаңа өлеңдері, белгілі жазушылар Асқар Алтайдың «Бозоқ», Нұрдәулет Ақыштың «Амалсыз байыған момақан», Борис Щербаковтың «Тополь», Жұмабай Қайранбайдың «Болғар қызы», Жұмағазы Игісіннің «Сабалақ» атты жаңа хикаяттары мен әңгімелері жарияланып отыр.

Әдебиетсүйер қауым сонымен бірге, кейінгі журналист қауым «Алтайдың кербұғысы» деп атап кеткен, өмірден ерте озған қаламгер, биыл 70 жылдығы тойланбақ болып отырған, көрнекті жазушы Оралхан Бөкей туралы Ғаббас Қабышевтың естелігін, биыл 130 жылдығы атап өтіліп жатқан жазушы Георгий Гребенщиковтың «Батырбектің хандығы» хикаятынан Айтмұхамбет Қасымов аударған үзіндісін, жазушы Айгүл Кемелбаеваның ғылыми-танымдық эссесін журналдың осы нөмірінен оқи алады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сейіт Қасқабасов сәт сапар, ақ жол тілеген «Отүкен» журналының оқырманы көп, шығармашылық ғұмыры ұзақ болсын деп тілек айтамыз.

АНЫҚТАМА: «Отүкен» - көне түркі сөзі. Отүкен – арғы ата-бабамыз – көне түркілердің Алтай тауларының ішіндегі қасиетті Отаны, киелі атамекені мағынасындағы сөз. VII-VIII ғасырларда «Отүкен» сөзі түркілер үшін Отан, Атажұрт ұғымын ғана емес, Түркі қағанатының кіндігі немесе қаған ордасы мағынасын бере бастаған. Ал бүгінгі ұғымда Отүкен – қазір сан-салалы ұлт пен ұлысқа бөлінген түркі нәсілінің шыққан жері, Алтайдағы қасиетті атамекені.

Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 510 раз(а) и оставили 0 комментариев.
Новости (Автор: Nurlan)

Астана. 13 маусым. BAQ.KZ - Соңғы зерттеулер үй тапсырмасының төменгі сынып оқушыларының үлгеріміне әсер етпейтіндігін дәлелдеді. Сондықтан да оған көп көңіл бөлудің қажеті жоқ. 

Бұл пайымдауды айтып отырған – аустралиялық ғалымдар Ричард Уокер және Майк Хорсли. Ғалымдар осы тақырып бойынша халықаралық зерттеулер мен сауалнамалар жүргізу арқылы «Үй тапсырмасын реформалау» атты еңбек жазып шықты.

Бұлай дейтініміз, бастауыш сынып оқушылары үй тапсырмасын көбіне ата-аналарымен бірге отырып орындайды. Тіпті, тапсырманың көпшілігін ата-ананың орындап беретіні өтірік емес. Немесе оқушы тапсырмаларды тисе терекке, тимесе бұтаққа деп орындайды. Мұндай көмек білім беру жүйесіне оң әсерін бермейді. Оған қоса, мұғалімдер оқушыларға шын мәніндегі қызықты жұмбақтарды берудің орнына, үйіп-төгіп тапсырма берудің шеберіне айналған. Бұл жағдайда үй тапсырамының мақсаты – сапа емес, сан болып тұр.

Уокер мен Хорслидің айтуынша, бұл тұжырымнан кейін үй тапсырмасын мүлде ысырып тастаудың қажеті жоқ. Оның баланың дамуына әсері айтарлықтай болмағанымен, жеке жұмыс жасап үйренуіне, өз уақытын жоспарлауға үйретеді.

Ғалымдар үй тапсырмасын мүлдем алып тастауға да қарсы. Оның есесіне, үй тапсырмасына қатысты басқа білім беру стандарттарын ойлап табуды ұсынып отыр. 

Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 616 раз(а) и оставили 0 комментариев.
Новости (Автор: Nurlan)

Ақмола облысының әкімі медициналық мекемелерге арнайы автокөліктердің кілтін тапсырды

АСТАНА. 13 маусым. BAQ.KZ - Облыстың денсаулық сақтау ұйымдары 14 мамандандырылған санитарлық автокөлікпен толықты. Дәрігерлерге мұндай сыйлықтарды Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын басталардан бұрын Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов тапсырды, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

 

Қосман Айтмұхаметов құттықтау сөзінде облыста денсаулық сақтау саласын реформалау бойынша белсенді жұмыс жүргізілетінін, ал медицина жақсы қаржыландырылатынын атап айтты.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындары 633 медициналық ұйымда медициналық көмек алады, онда 12 мыңнан астам адам, соның ішінде 2 мың дәрігер және 7 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Биыл мамандандырылған медициналық техникамен жабдықтау мәселесін шешуге мүмкіндік беретін 37 санитарлық автокөлік бірлігін, соның ішінде 11 реанимобиль сатып алуға қаржы бөлінді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы 14 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Медициналық мекемелер желісін кеңейтуге ерекше назар аударылады. 2015 жылға дейін 67, соның ішінде, астана маңындағы елді мекендерде 28 жаңа нысан құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар 2013 жылы Аршалы, Целиноград, Ақкөл аудандарында және Көкшетау қаласында дәрігерлік пункттер салынуы тиіс.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін 20 медициналық қызметкер облыс әкімінің алғыс хатымен, сегізі - «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, бесеуі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Мерекелік іс-шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламамен аяқталды.
 

Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 457 раз(а) и оставили 0 комментариев.
Новости (Автор: Nurlan)

АСТАНА. 3 маусым. BAQ.KZ - Астанада Медицина қызметкерлері күні қарсаңында қаланың денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Бүгін №1 қалалық ауруханада өткен салтанатты жиында үздік мамандар марапатталды. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаева әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға марапаттар тапсырды,-деп хабарлайды Астан әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен №1 Қалалық аурухананың оториноларингология бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Мұхамедиева марапатталса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойлық медалін №1 Қалалық аурухананың хирургиялық қызметі жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Талғат Өскенбаев алды.

Астана қаласы әкімінің Құрмет грамотасына Қалалық Жедел медициналық көмек стансасының бас дәрігері Жаннат Исмаилова, Қалалық балалар жұқпалы аурулары шек жұқпалы ауруы бөлімінің меңгерушісі Камиль Ярмамбетов, «СПИД» Орталығының бас медбикесі Светлана Кукляк пен Қалалық онкологиялық диспансердің медбикесі Алтынай Оразбекова ие болды.

«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» кеуде белгісін 7 адам, Астана қаласы әкімі орынбасарының грамотасы мен алғыс хатын 6 маман алды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы Атқарушы хатшылығының меңгерушісі Қылыш Елеусізов елорда денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлеріне марапаттар тапсырды.

Сонымен қатар, жиналыста бірнеше кәсіби байқаулардың қорытындысы шығарылды. Астана қаласы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай «Мамандық бойынша үздіктер» байқауының «үздік дәрігер», «үздік медбике» және «үздік пациент» аталымдарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттар табыстады.

Сондай-ақ, бірнеше денсаулық сақтау жүйесі мекемелерінің ұжымдары жоғары жетістіктері үшін аталып өтті. №4 емхананың патология-анатомиялық бюросы «Қазақстан көшбасшысы 2013» рейтингінде «Актив пен міндеттемелер көрсеткіші» аталымы бойынша 2-орын, қаржы-экономикалық қызметі көрсеткіштерінің жиынтығы мен жалпы мемлекеттік статистикалық шаруашылық жүргізуші субъектілерін саралау бойынша «Табыс көрсеткіштері» аталымында 3-орын иеленді.

«Актив пен міндеттемелер көрсеткіші» аталымында Қазақстан Республикасы бойынша Астана қаласының оқу- клиникалық орталығы 5-орында.

№5 қалалық емхана Қазақстан Республикасының ірі мекемелер арасында 1-орынды иеленіп, өз қызметі бойынша ТОП-15-тің ең үздіктері (жалпы дәрігерлік тәжірибе) қатарына енді.

Медицина қызметкерлері күніне арналған қалалық спартакиада қорытындысына сәйкес жарақаттану мен ортопедия ғылыми зерттеу институты бірінші орынды иеленді.

Астана қаласы бойынша 100-ге жуық адам марапаттар, мадақтама және төсбелігілермен лайық атап өтілді. 

Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 429 раз(а) и оставили 0 комментариев.
Новости (Автор: Nurlan)

АСТАНА. 13 маусым. BAQ.kz - Маусым айының соңында Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты, ал 2015 жылы елордада әлем біріншілігі өтеді. 

Елімізде осындай мазмұндағы жарыстар соңғы жылдары жиі өткізіліп келеді. Кәсіпқой бокстағы «Астана арландары» мен үлкен хоккейдегі астаналық «Барысты» айтуға болады. Яғни, елордамыз әлемге тек сәулеті мен дәулетімен ғана танымал емес. Сонымен қатар таңдай қақтырар спорт клубтары мен спорттық жетістіктер де бар. Атақты спорт клубтарының бірі – «Астана» футбол командасы. Құрамының басым бөлігі ұлттық құрамадан құралған клуб ел біріншілігінде де, халықаралық додаларда да жақсы өнер көрсетіп жүр. Мирослав Беранек баптайтын құрама Қазақстан чемпионатын да, кубогін де, супер кубогін да ұтып алған. Ал осыдан 2 жыл бұрын құрылған «Астана» баскетбол клубы бүгін Құрлықтық лигада өнер көрсетеді. Маттео Боничиолли шәкірттерінің басым бөлігі легонер болғанымен, сырт алаңдарда құрама атына кір келтірмеді. Ал өткен жылдың желтоқсанында атауы «Астанадан» басталатын 9 алпауыт клуб бір шаңырақтың астына бірікті. Оның атауы – «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы.

Бахтияр АРТАЕВ, «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының президенті:

- Осы клубтың ел спортына қосар үлесі зор. Себебі барлық мықты спортшылардың басын бір жерге біріктіру, жақсы нәтиже беруі тиіс. Мұндай тәжірибе дамыған елдерде кеңінен қолданылады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасы Президенті:

- Әлем халқының тең жартысы мекендейтін Азия құрлығында бұл дүбірлі жарыс биылдың ең үлкен спорт мерекесі болып саналады. Біз мұндай құрлықтық шараны ТМД және Мұсылман елдері арасында тұңғыш рет өткізіп отырмыз.

Сонымен қатар елімізде соңғы жылдары әлем чемпионаттары мен кубоктерін өткізу дәстүрге айналған. 2011 жылғы Азиаданы былай қойғанда, коньки тебуден әлем кубогі мен шахматтан әлем чемпионаты биыл тұңғыш рет елордада өтті. Ал ел спортының тізігінін ұстаған мамандар осындай шаралардың саны алдағы уақытта арта түсетінін айтады.

Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы:

- Бүгінгі таңда Астанада әлемдік додаларды өткізе алатын бірқатар спорттық сарайлар солынып бітті. Алдағы уақытта 11 мың орындық хоккей сарайы мен олимпиадалық орталық соғуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар елімізде өтетін халықаралық бәсекелердің санын арттыруы тиіс.

Отандық спортшылардың алдында тұрған ендігі мақсат – Сочи олимпиадасы. Алдымен 40 жолдама ұтып алуды көздеген жерлестеріміз елге кем дегенде 2 медальмен ораламыз деп отыр. Мұның өзі Астана мен Қазақстанның әлемдегі мерейін тағы да бір асқақтата түсуі тиіс 

Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 462 раз(а) и оставили 0 комментариев.
Новости (Автор: Nurlan)

Мемлекеттік рәміздерге құрметпе

АСТАНА. 13 маусым. BAQ.KZ - Бүгін Астана қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Аида Балаева, басқарма басшылары, аудан әкімдіктері мен заң органдарының өкілдері қатысты. 

Мәжілісте ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдаланудағы өрескел заң бұзушылықтар сөз болды. Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарына қарасты мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар бойынша мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөнінде рейд жүргізіліп, нәтижесінде бірнеше заң бұзушылық дерегі тіркелген. Жыртылған не ескірген рәміздерді пайдалануға жол бергендердің қатарында жеке кәсіпорындармен қатар білім, медицина мекемелері, ХҚКО мен құзырлы органдар да бар. Айта кету керек, олардың барлығына қатаң ескерту жасалып, 3 күннің ішінде мемлекеттік рәміздер жаңартылған.

Комиссия төрағасы Аида Балаева ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалануға тексеруді күшеткенде тәртіп қана емес ұлттық нақыштарымызға деген сый-құрметтің де күшейетінін айтты. Сондай-ақ, түсініктеме алып, айыппұл салумен шектелмей, нәтижесін қатаң бақылауға алу ұсынылды. Айта кету керек, Астана күнін мерекелеу Мемлекеттік туды көтеру салтанатынан басталады. Сондықтан тудың таза, жаңа болуын қазірден бастап ескерген жөн. н қарау қадағаланады

Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 394 раз(а) и оставили 0 комментариев.
Новости (Автор: Nurlan)

Шығысқазақстандық әйелдер қауымы Елбасы Үндеуін қолдайды

ШҚО. 13 маусым. BAQ.KZ - Шығыс Қазақстандағы әйелдер қауымы зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту кейінге қалдырылғанына қатты қуанып жатыр. Олар осы мәселеге қатысты Елбасы мәлімдемесін үлкен тебіреніспен тыңдапты. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Зейнетақы жүйесін реформалау туралы» Заң жобасын қайта қарап, толықтыру туралы шешімін толық қолдап отыр.


Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Ұжымның 90 пайызы - әйел адамдар. Солардың бірі - Рахия Нұралықызы. Оның осы саладағы жұмыс өтілі 20 жылдан астам. Елбасының Үндеуінен кейін әне-міне зейнеткер атанамын деп жүрген әріптестерімен бірге үлкен қуанышқа бөленгенін айтады. 

Рахия Уалханова, кітапхана қызметкері:
Биылғы жылдың өзінде біздің облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханадан жеті адам зейнетке шығатын болса, келесі жылы сегіз адам шығады. Олардың барлығы өте қуанышты.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша мәлімдемені мұғалімдер де үлкен тебіреніспен тыңдапты. Осыған дейін бұл тақырыпты қызу талқылап, Кәсіподаққа талай мәрте қоңырау шалғандар. Енді онда тек қуаныштарымен бөлісу үшін хабарласып жатыр.

Назгүл Қасенова, облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйым төрайымы:
7 маусым күні кешке қоңыраулар түсе бастады. Қоғамдық ұйым болған соң сенім артып, ашық сөйлеседі. Елбасымыз үмітімізді ақтады, сеніп едік, деп тіпті жылап хабарласып жатқандар да болды.

Жалпы, Елбасының Үндеуінен кейін облыстағы мыңдаған әйелдердің көңілі орнына түсті. Олар өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін кері қайтарылған Заң жобасында Президент жасаған ұсыныстардың барлығы ескеріледі деп сенеді.

Нұржан Түсіпова , облыстық Кәсіподақ кеңесінің төрайымы:

Елдің бәрі әсіресе, әйел адамдар өте қуанып жатыр. Неге десеңіздер, 58 жас зиянды өндірісте істейтін әйелдерге ауыр. Елбасының Үндеуін Шығыс Қазақстанның жұмысшы әйелдері қолдап, қуанып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша енді бала күтімімен үйде отыратын әйелдердің зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы төленеді. Бұл шешімді де шығыстағы әйелдер қауымы толық қуаттап, қуанышпен қабылдады. 

Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 425 раз(а) и оставили 0 комментариев.
(Автор: Nurlan)

АСТАНА. 20 сәуір. BAQ.KZ – Әдетте, тауықтан жұмыртқа, жұмыртқадан балапан, сосын ол жетіліп тауық болатыны бәрімізге белгілі. Ал Шри Ланкада бұрын-соңды болмаған бір оқиға осы бір үйреншікті тәртіпті бұзып жіберді. Бұл елде кәдімгі үй тауығынан тірі балапан туған, деп хабарлайды

BBC News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, балапан анасының ішінде, яғни тауықтың қарнында жетіліпті. Туылған шөже толық қалыптасқан және дені сау болып шыққан. Бірақ ішкі ағзада орын алған қатты жарақат салдарынан тауықтың өзі өліп қалыпты.

Жергілікті ветеринарлық қызмет мамандары бұрын-соңды ондай жәйтті еш жерден естімегендерін айтып, таң. Ал аралдың бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаны жарыса жазып, енді анық сеніммен тауық жұмыртқадан бұрын жаралған деп жарияға жар салып жатыр екен.

Фото: news.404.ru


Новость опубликована 13.06.2013, её прочитали 1149 раз(а) и оставили 0 комментариев.